Архив событий

16/08/2016

Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша дау медиация тәртібінде шешілді

16/08/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында У-дың «TechnodomOperator» АҚ-на қатысты тиісті емес тауарды ауыстыру , айып пен моральдық  зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Медиация институтын дамыту бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

16/08/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында сотқа келушілермен бірге сот төрағасының м.а. Т. Шакиров, прокурор Б.Қантарбаеваның және «Медиация  және дауларды альтернативтік шешу орталығы» жеке  мекемесінің кәсіби медиаторлары К. Омарұлы мен Е. Байбатчаевтың қатысуларымен «Халық арасында медиация институтын дамыту бойынша ашық есік күні» өткізілді, ол жерде 30- 45 жас аралығындағы  5 сотқа келушілерге тегін кеңес берілді, 24-53 жас аралығындағы 12 азаматтар блиц - сұрау салуларға қатысты. 

Сот мүлікті тәркілеу және бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындады

16/08/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 24- бабының 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы, 188 -бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен  (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет ұрлық жасау) айыпталған М.А.К., және Б. Д. К-ге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау үшін кінәлі деп танылды

16/08/2016

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабына (дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сәйкес қылмыс жасағаны үшін айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жеке табыс салығы бойынша қарыз өндірілді

16/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер ҚР-ның Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкер А-ға қатысты жеке табыс салығы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызыбойынша азаматтық іс қаралды.

Жіберіп алған пайданы өндіру

16/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер С-тің жауапкер «Янтарный квартал»  ЖШС-не 835 987 теңге сомасындағы жіберіп алған пайданы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Әрекетке қабілетсіз деп танылды

16/08/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында З.И-дың З.В-ны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Денсаулыққа келтірілген зақымның салдарынан жаратылған табыс өндірілді

16/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер К-ның жауапкер Ш-ға жол апаты нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зақымның салдарынан жаратылған табысты өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Жол-көлік апатының нәтижесінде келтірілген шығын өндірілді

16/08/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, талапкер Н-ның жауапкер «EurasianTransLimеted» ЖШС-не, жол-көлік апатынан келтірілген материалдық және моральдық шығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

 

Жер дауы медиация тәртібінде қаралды

16/08/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, талапкер  З. мен  К-ның жауапкер З-ға ортақ үлестік пайдаланудағы жер учаскесін пайдалану тәртібін белгілеу, жер учаскесінің шекарасын анықтау, оны пайдаланудағы кедергілерді жою туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.