Алматы қалалық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Асқар Спартакұлы Смайлов 1964 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Бүгінгі таңда А. С. Смайловтың судьялық қызметтегі еңбек өтілі 32 жылдан астам уақытты құрайды.

Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл облысы Мемлекеттік арбитражының төрешісі ретінде бастаған. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облыстық сотының судьясы болып тағайындалды. Одан әрі Жамбыл облыстық сотында азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, кассациялық сот алқасының төрағасы, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

2016 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №305 Жарлығымен Алматы қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Сот жүйесінде жұмыс істеген кезеңінде "Құрмет" ордені, "мінсіз қызметі үшін" ІІ дәрежелі медалі, "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" төсбелгілері, "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" сияқты марапаттарға ие болды. "Құрметті судья" және көптеген Құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иесі, Құрмет орденімен марапатталды.