Жеке табыс салығы бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер ҚР-ның Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкер А-ға қатысты жеке табыс салығы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызыбойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, 16.05.2008ж. салық тексеруінің актісіне сәйкес, жауапкердің бюджет алдында төлеу көзінен салық салынбайтын табысынан, жеке табыс салығы бойынша қарызы бар. 22.04.2016 жылға бюджет алдында 1 364 687 теңге, оның ішінде төлеу көзінен салық салынбайтын табысынан жеке табыс салығы 1 036 058 теңге көлемінде, салық талаптарын уақытылы орындамағаны үшін айып 328 629 теңге. Осыған байланысты, талапкер жауапкерден бюджет алдында төлеу көзінен салық салынбайтын табысынан, жеке табыс салығы 1 036 058 теңге және салық талаптарын уақытылы орындамағаны үшін айып 328 629 теңгені өндіруді сұрады.

Жауапкер А. сот отырысына келмеген, отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған.

ҚР АІЖК-нің 256-бабының негізінде, сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.

Соттың шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі