Архив событий

10/08/2016

Адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін сотталды

10/08/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққаны үшін А.С. -ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс өңдіріспен қысқартылды

10/08/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты  әмиянды ұрлағаны үшін А.Д. - ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, А.Д. 2016 жылғы 12-шілдеде сағат 09.00 шамасында Фурманов көшесімен оңтүстік  бағытта келе жатқан №2 бағдарындағы автобус қоғамдық қалалық көлігінде болған. Автобустың ішінде А.Д. төлеу терминалының жанында Б.К. - ға тиесілі ішінде 1 500 тенге тұратын күлгін түсті ішінде 16 000 тенгесі бар әмины бар ашық қалған сөмкені көреді. 

Жеке сот орындаушының қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды

10/08/2016

 

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Б-ның Алматы қаласының орындау өңірінің жеке сот орындаушысы Ж-ның іс-ірекетіне берген, қарызды анықтау жөніндегі қаулыны заңсыз деп танып, оның күшін жою туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Б. 13.06.2016 жылы, қарызды анықтау жөніндегі 07.06.2016 жылғы қаулыны алғандығын көрсетіп, сотқа шағымымен жолданды. Осы қаулыға сәйкес, 2016 жылдың қараша айынан бастап наурыз айы аралығында, алимент бойынша 383 971,31 теңге қарыз сомасы өндірілуге жатады. 175 700 теңге өтелуіне байланысты, 208 271,31 теңге өндірілуі тиіс. 

Сотталушылар шендерінен айырылды

10/08/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотына ҚР ҚК-нің 361 бабы 2 бөлігімен К-ға қатысты және 287-бабының 3-бөлігімен (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,
өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды) А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады

10/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Б-ның жауапкер Б-ға тұрғын үйге кіргізу және жер учаскесімен үйге иелік етуге және пайдалануға кедергі келтірмеуді міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.