Архив событий

19/08/2016

Сот ата-анасының талаптарын қанағаттандырды

19/08/2016

Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық соты ата-ана С-ның бөлек тұратын ата-ана О-дан кәмелетке толмаған мұқтаж баланы күтіп-бағуға арналған қосымша шығындарды өндіру туралы талаптары қанағаттандырылды.

«ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының талаптарын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

19/08/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) бойынша К-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот қылмыстық істі қарап іс-жүргізу келісімі арқылы бекітілген келісім бойынша жаза тағайындады

19/08/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Т.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1,3,4-тармақтарымен айыптау бойынша (қарақшылық, яғни адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану қатерін төндірумен және өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кірумен ұштасқан шабуыл жасау) қылмыстық іс қаралды.

Қарақшылық жасағаны үшін сотталған

19/08/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында И.К. мен Ж.Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабы 2 бөлігінің 1,4 тармақтарымен айыптау бойынша (қарақшылық, яғни адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану қатерін төндірумен ұштасқан шабуыл жасау) туралы қылмыстық ісі қаралды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұлғаның тұрғын үйді пайдалану құқығын жоғалтуын тану туралы талап арыз қаралды

19/08/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Д-ның Д-ға және «Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқару органымен жалға алынған, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығын жоғалтуын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.   

Сот сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі қарады

19/08/2016

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында Д-нің Н-ға жер телімін сыйға тарту шартын және жер теліміне жеке меншік құқығы актісін жарамсыз деп тану  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қылмыстық іс татуласуына байланысты қысқартылды

19/08/2016

Алматы қаласы, Бостандық ауданы №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) айыпталған Х.А.С-қа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әкімшілік қамаққа алынды

19/08/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚРӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша  А.  мен М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот «Халық Банк» АҚ- ның кепілдікте тұрған мүлікті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады

19/08/2016

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотында талапкер «Халық Банк» АҚ-ның жауапкер  А-ға берген кепілдікте тұрған мүлікті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.