Сот соманы өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Г-ның К-ға қатысты соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Г. Сотқа П-ға қатысты соманы өндіріп алу туралы талап арызымен жүгініп, өз талаптарын келесімен негіздеді: 2015 жылғы 24-қарашада жауапкермен жазбаша келісім-шарт жасасқан, аталған шартқа сәйкес талапкер жауапкерге Алматы қаласында орналасқан пәтерді сатып алу үшін 16 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сомасын берген.

Соттың анықтауы бойынша, жауапкердің өзіне алған пәтерді сатып алу-сату шартын жасаудағы міндеттемелері орындалмай талапкерден алынған ақшалай сомасы қайтарылмады.

Сот тараптардың тұжырымдамаларын тыңдап, іс бойынша дәлелдемелерді зерттеп, соманы өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі