Архив событий

11/08/2016

Сақтанушы белгіленген мерзімде сақтандыру жағдайы туралы хабарлауға міндетті

11/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер И-ның жауапкер «Kaspi страхование» Сақтандыру компаниясының АҚ-на сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап арызы қаралды.

Шарт жасауды міндеттеу туралы дау медиация тәртібімен қаралды

11/08/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, талапкер «Мелиоратор» тұтыну гараж кооперативінің, жауапкер «Б-ға» берген, шарт жасауды міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі медиация тәртібінде қаралды. 

Процестік келісімге сәйкес жаза тағайындау

11/08/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Т.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабы 2 бөлігінің 1,3,4 тармақтарымен айыптау бойынша (қарақшылық, яғни адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану қатерін төндірумен және өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кірумен ұштасқан шабуыл жасау) туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ

11/08/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында И.К. мен Ж.Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабы 2 бөлігінің 1,4 тармақтарымен айыптау бойынша (қарақшылық, яғни адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану қатерін төндірумен ұштасқан шабуыл жасау) туралы қылмыстық ісі қаралды.