Әрекетке қабілетсіз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында З.И-дың З.В-ны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, З.В. бала кезінен ауыр халге жататын ақыл-есінің кемістігі диагнозымен 1 топтағы мүгедек болып табылады. Ол өзінің мінезін іс жүзінде және өз әрекеттерінің маңызын түсінбейді,  өз әрекеттерін басқара алмайды және қамқорлыққа мұқтаж.

ҚР АК-нің 26-бабының 1-тармағына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. 

Соттың шешімімен арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі