Архив событий

22/08/2016

Қарыз сомасын өндіру туралы

22/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Б-ның жауапкер «Е. банк» АҚ-на қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Келісім-шартты жарамсыз деп тану

22/08/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер Д жауапкерлер А, «Алматы қаласы Әділет Департаменті» ММ-нің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капитал үлесін сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот кепілдікті міндеттеме бойынша ақша сомасын өндірді

22/08/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Ипотекалық мекеме «Қазақстандық Ипотекалық Кәсіпорын» АҚ-ның жауапкер «DB» АҚ-нан келісім кепілдік міндеттемесі бойынша ақша сомасын өндіру және қарсы талап «DB» АҚ-ның жауапкер  «Ипотекалық мекеме «Қазақстандық Ипотекалық Кәсіпорын» АҚ-мын кепілдік міндеттемесін тоқтатуға мәжбүрлеу деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

22/08/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік сатып алу туралы щартты орындаудан бас тартқан серіктестікті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 76 жалпы білім беру мектебі» комуналды мемлекеттік мекемесінің  «TN s.» ЖШС-не мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«TN s.» ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу туралы шартпен қабылдаған жұмысты орындау бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 76 жалпы білім беру мектебі» комуналды мемлекеттік мекемесі  «TN story» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен анықталғандай, «TN s.» ЖШС-гі 15 маусым 2016 жылғы № 5 хатпен ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарынан жұмыс тобының жоқ болуына байланысты бас тартты, тиісінше, жұмысты мемлекеттік сатып алу туралы шартпен бекітілген міндеттемелерді орындаудан бас тартты.

Сәйкесінше, талапкермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.