Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабына (дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сәйкес қылмыс жасағаны үшін айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2016 жылғы 20-наурызда сағат 07:47 шамасында бұрын соңды бірнеше рет сотталған Б, Алматы қаласында орналасқан №32 үйдің есік алдында болып, дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау мақсатында, ұялы телефонды пайдаланып құрбысы Ф-ке тиесілі абоненттік нөмірінен Алматы қаласының 102 пультіне хабарласып, №78 мектеп гимназиясында жарылғыш заттың бар екендігі туралы хабарлады.

Алматы қ. Түрксіб ауданының АІІБ-нің қызметкерлерінің күшімен Б. Дәл сол күні ұсталып, оның көрінеу жалған ақпарат хабарлағандығы анықталды.

Соттың үкімімен Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша ерекше режимдегі түзеу колониясында 2 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі