Кадрлық қамтамасыз ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Конкурсқа қатысушылардың назарына!
2024 жылдың 08 ақпанында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен салық, қаржы және жер құқығы салаларындағы мамандар үшін облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос лауазымдарына (апелляциялық сот сатысы) конкурс жарияланды.
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысушы үміткерлер тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Сонымен қатар, бос лауазымдарына конкурсқа қатысушылар тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алу қажет.
Осыған орай, конкурсқа қатысушы кандидаттар үшін 2024 жылдың 29 ақпан сағат 10.00-де Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және 1 наурыз сағат 09.30-де Алматы қалалық сотының жалпы отырыстары болатынын хабарлаймыз.
Конкурсқа қатысушылардың кандидатураларын Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында және жалпы отырыста талқылау үшін өтініштері 2024 жылдың 26 ақпаны сағат 15.00-ге дейін қабылданады.

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
File forma_zayavleniya_1.docx16.02.2024 15:02:42almaty-editor19.5 KB
File polozhenie_o_prohozhdenii_stazhirovki_1-2.docx16.02.2024 15:02:42almaty-editor26.36 KB
File tipovoe_soglashenie_o_prohozhdenii_stazhirovki_1.docx16.02.2024 15:02:42almaty-editor21.26 KB
PDF icon ukaz_804_ot_07.02.2022g.pdf16.02.2024 15:02:42almaty-editor361.69 KB