Еңбек ақыны төлеу туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостадық аудандық сотында А-ның «ФинСтатус» ЖШС-не қатысты еңбек ақыны төлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер «Финстатус» ЖШС-не қатысты талап арызымен сотқа жүгінді. Өзінің талаптарын келесімен негіздеді: 23.10.2015 жылғы жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде ол «ФинСтатус» ЖШС-не бухгалтер қызметіне қабылданды. 2016 жылғы 01-қаңтардан бастап жауапкер белгісіз себептермен еңбек ақысын төлемеген. Еңбек ақысын төлеу бойынша қарызды «ФинСтатус» ЖШС-нің директоры мойындап, аталған жайды электрондық құжатпен растады.

Бостандық аудандық сотының шешімімен А-ның «ФинСтатус» ЖШС-не қатысты талап арыз талаптары қанағаттандырылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі