Сот жүйесінің ардагерлері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Нұрбеков Марат

25.06.1942 жылы  дүниеге келген. 1972 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды аяқтайды. 1972-1977жж – Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі. 1977-1982 жж – Маңғышлақ  облыстық соты төрағасының орынбасары; 1982-1987 жж – Маңғышылақ облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің бастығы; 1985-1991 жж – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.1991-1996 жж – ҚР әділет министрі орынбасары. 1999-2003жж – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2003-2007 жж – Алматы қалалық сотының алқа төрағасы. 2007-2008жж – Алматы қалалық сотының судьясы. «Құрмет»  орденімен, ҚР Судьялар Одағының «Үш би», «Үздік судья» құрмет белгілерімен, мерекелік медальдармен  марапатталған.

Қамалов Құрбанғали Әзизұлы

10.11.1946 жылы дүниеге келген. 1975 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды аяқтайды. 1975 ж – Көкшетау қалалық сотының судья тәлімгері. 1976 жылдан бастап – Көкшетау облыстық Ленинград ауданының судьясы. 1982 жылдан бастап – Көкшетау облыстық Арықбалық ауданының судьясы. 1986 жылдан бастап – Алматы облыстық сотының судьясы. 1999-2009 жж – Алматы қалалық сотының судьясы. 2001 жылдан бастап – Алматы қалалық сотының тәртіптілік-біліктілік алқа төрағасы. ҚР Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен , ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің  Құрмет грамотасымен, ҚР Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталған.

Темірханов Болат Абилкаримович

31.01.1950 жылы дүниеге келген. 1981 жылы Р.А.Руденко атындағы Свердлов құқықтық институтын аяқтайды.1981 жылдан бастап – заң кеңесшісі. 1982 жылдан бастап – Гурьев облыстық сотының судьясы. 1986 жылдан бастап – Гурьев облысы Ембі аудандық сотының төрағасы. 1989 жылдан бастап – Алматы облысы Балхаш аудандық сотының төрағасы. 1994 жылдан бастап – Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының төрағасы. 1995-2010 жж – Алматы қалалық сотының судьясы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

Бағаев Ерболат Ұзақұлы

10.07.1956 жылы дүниеге келген. 1979 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды аяқтайды.1979 жылдан бастап – Алматы облысы Шелек ауданының тергеушісі. 1981 жылдан бастап – Алматы  облыстық ІІБ жедел уәкіл қызметкері. 1992 жылдан бастап – Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы. 1996-2008 жж – Алматы қалалық сотының судьясы.

Айбасов Сансызбай Құсайынұлы

23.07.1948 жылы дүниеге келген. 1973 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды аяқтайды. 1973 жылдан бастап – құқық органының жауапты қызметкері. 1981 жылдан бастап – Алматы қаласы Калинин аудандық халықтық сотының судьясы. 1987 жылдан бастап – Қазақ ССР Прокуратура бөлімінің прокуроры.1994 жылдан бастап – ҚР Жоғарғы Кеңесінің құқықтық тәртіп және құқықтық реформа заңнамасы комитетінің кеңесшісі. 1995-2010 жж – Алматы қалалық сотының судьясы.

Бейімбетов Адайбек Шанқұлұлы

08.03.1950 жылы дүниеге келген. 1978 жылы Ташкент мемлекеттік университетін аяқтайды. 1978 жылдан бастап – прокуратура органдарының қызметкері. 1986 жылдан бастап – Қарақалпақ АССР-і Жоғарғы сотының мүшесі. 1992 жылдан бастап – Алматы облыстық прокурорының жоғарғы көмекшісі, Алматы облыстық құқық бөлімі басшысының төрағасы. 1993 жылдан бастап – Алматы қалалық сотының судьясы.

Шостак Борис Абрамович

19.11.1941 жылы дүниеге келген. 1965 С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды аяқтайды.1965 жылдан 1978 жылға дейін Алматы қалалық прокуратура органында қызмет атқарған. 1978-1982 жж – Алматы қалалық сотының судьясы. 1982 жылдан бастап – Аламаты қалаласы Фрунзе аудандық сотының төрағасы, 1991-1997 жж – Алматы облыстық сотының қылмыстық істер бойынша төраға орынбасары. 1997-2005жж – Алматы қалалық сотының судьясы.2005 жылдан бастап – Алматы қалалық қорғаушылар алқасы төрағасы.