Архив событий

18/08/2016

Адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

18/08/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағымен айыпталған М. мен О. Азаматтарына қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (адам өлтіру).

Сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

18/08/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі мен 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен айыпталған Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (есірткі заттарының заңсыз айналымы).

Өткізу мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

18/08/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен айыпталған Е-қа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (есірткі заттарының заңсыз айналымы).

Несие шартын жарамсыз деп тану туралы талап

18/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Ш-ның жауапкер «АТФ Банк» АҚ-на несие шартын жарамсыз деп тану, жақтарды бастапқы қалпына келтіру, банк қарыз шарты бойынша қайта есеп айыруды жасату туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот жылыту және ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарызды өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

18/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жылыту және ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот арыз берушінің мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талаптарын қанағаттандырды

18/08/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында арызданушы Я.С-тың жауапкер Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігіне мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Келтірілген шығынның өтелуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

18/08/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Ф.А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша айыптау туралы (тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен ұрлық жасау) қылмыстық іс қаралды.

Алматықаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиация бойынша семинар-тренинг өткізілді

18/08/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында судьялар, сот мамандары, корғаншы және қамкоршы органының мамандардың қатысуымен, медиация даму орталығы Алматы каласындағы медиатор А.Зеинова және «Concord Education Centre» оқыту орталығының директоры Г.Урозбаева семинар-тренинг өткізді.

Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотында ашық есік күні өтті

18/08/2016

Алматы қаласы Түркісіб аудандық сотында азаматтардың сотқа деген сенімдерін арттыру және қоғамдық пікірдегі сот беделін көтеру мақсатындағы азаматты іс-әрекетке қабілетсіз, іс түссіз жоғалып кетті және/немесе қайтыс болған деп тану туралы істерді қарау барысында туындайтын заң талаптарын түсіндіру негізінде сотқа келушілердің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді.

Алаяқтық үшін сотталды

18/08/2016

Алматы қаласы, Бостандық ауданы №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190- бабының 1-бөлігі бойынша(Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) М.О.К-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көші-қон заңдылықтарын бұзған үшін сотталған

18/08/2016

Сотпен анықталғаны бойынша, Алматы қаласы мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен В.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБіК-нің 517 бабы 4 бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда В.Ж. оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамаған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексінің ережелерін түсіндіру

18/08/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының Әкімдігінде 29.12.2015 жылғы Президент Жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексінің ережелерін түсіндіру» (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережелері)  атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.