Архив событий

26/05/2016

Талап арыздар ішінара қанағаттандырылды

26/05/2016

Алматы қаласы  Алмалы ауданының №2 аудандық сотына талапкер «С»    жауапкер Шаруашылық жүргізу құқығында медициналық жедел жәрдемнің мемлекеттік коммуналдық мамандандырылған автокөлік кәсіпорнына қатысты қамқоршысынан айырылу, моральдық және материалдық шығындарды өндіру туралы талап арызы түсті.

Мұрагерлік қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

26/05/2016

Арызданушы С. жауапкер Ч -ға және Б - ге  талап арызбен сотқа жүгініп, талап арызында 06.09.2007 жылы қайтыс болған әкесінен қалған міндетті үлесі шегіндегі мұраны  қабылдау мерзімін қалпына келтіруді сұрады. Уақытылы, алты ай мерзім шегінде нотариусқа мұраны қабылдау туралы арызбен жүгінбегенін, себебі сол мезгілде қамелет жасқа толмағандығы туралы, ұзақ мерзім ауырғаны және де басқа да ақтаушы себептері барлығын сипаттады.

Сотпен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

26/05/2016

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотымен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының азамат И.В-ны наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы қаралды. 

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кәмелетке толмаған адамға қатысты әкімшілік іс қаралды

26/05/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған тұлға қатысты  бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК -нің 435 бабына сәйкес ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік ісі қаралды.  

Әкімшілік жазаға тартылды

26/05/2016

Алматы қаласының  кәмелетке толмағандар істері жөіндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша Д-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 3 бөлігімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта 23.00-ден 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылық қайталап  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жазаға тартылған. 

Сақтандыру төлемінің сомасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды

26/05/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында «Цеснабанк» АҚ-ның еншілес ұйымы «Цесна Гарант» АҚ сақтандыру компаниясының С-дан сақтандыру төлемақысының ақша қаражатын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Румыния азаматы ҚР заңдылығын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шегерілді

26/05/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Алматы қаласы Наурызбай аудандық ІІБ-ның азамат В-ны ҚР заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шегеру туралы азаматтық ісі қаралды.

Білім алуға берілген мемлекеттік несие бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

26/05/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында «Қаржы Орталығы» АҚ-ның Ж-дан білім алуға берілген мемлекеттік несие бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Пара алғаны үшін сотталды

26/05/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында пара алғаны үшін Алматы қаласының ІІД-нің жанындағы Медеу аудандық ІІБ-ның ТБ-ның тергеушісі Т.Е.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сот жалға беру келісім шарты бойынша қарыз сомасын өндірді

26/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Баспалар үйі» АҚ-ның жауапкер «Тумар-Транс» ЖШС-нен қарыз сомасын және тұрақсыздық айыппұлын өндіру  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот бітімгершілік келісімді бекітті

26/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Соната-В» ЖШС-нің жауапкер «Алатау» ЖШС-нен қарыз сомасын 1 457 046 теңге көлемінде өндіру туралы және 655 670,70 теңге тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РММ талабын қанағаттандырды

26/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РММ-нің жауапкер «PRO Sklad Provision»ЖШС-нен қарыз сомасын 90 000 теңгені және 500 000 теңге айыппұл өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

692 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 608 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/05/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бойынша 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында  692 азаматқа қатысты істі қарады.

Сотпен кәсіпкердің құқығы қорғалды

26/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің жауапкерлер Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті және «Дезснаб-Трейд» мүлікті жалдау келісім шартын, оның қосымша келісімдерін және бұйрықтарын жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Жұмыскердің құқығы қорғалды

26/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Алматы қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон Басқармасы» КММ-нің «Казстройпромтехмонтаж» АҚ-на жұмысшы қоғамының жалақы қарызын өтеу жөніндегі мемлекеттік еңбек инспекторының алдын ала жазбасын мәжбүрлеп орындау туралы азаматтық ісі қаралды.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты студенттер үшін «Ашық есік күнін» өткізді

26/05/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің студенттеріне Ашық есік күні өтті.