Архив событий

20/05/2016

Сот әзірлеуші компанияны тұрғын үйді тұрғызу кезінде сапасыз тұрғызылған құрылыстың кемшіліктерін жоюға міндеттеді

20/05/2016

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер А.Т. мен 21  іске мүдделі тұлғалардың  «Rakurs Building Company» ЖШС-не  көп қабатты тұрғын үйді тұрғызу кезінде сапасыз тұрғызылған құрылыстың кемшіліктерін  жоюға міндеттеу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Медеу аудандық сотында ашық есік күні өтті

20/05/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтар бойынша аудандық соттың төрағасы м.а. Г.Бекбатырдың ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.

Қарызды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

20/05/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» МКК-ның талап арызымен Ж.Е. азаматына қатысты қызмет үшін қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» жүйесінің қолданылуына қатысты тәжірибелік сұрақтар талқыланды

20/05/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот жүйесі «Сот кабинеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. 

Алматыда бөтеннің мүлкін жымқыруға оқталған және пара беруге көндіргені үшін жеке кәсіпкер сотталды

20/05/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында ірі мөлшерді бөтеннің мүлкін алдап сенімін теріс пайдаланып жымқыруға оқталған және айтарлықтай мөлшерде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға пара берген үшін жеке кәсіпкердің қылмыстық ісі қаралды.

Сот татуласу келісімін бекітті

20/05/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында «Компания «РЕАЛ-сервис» ЖШС-нің коммуналдық қызмет көрсету ақысы мен және тұрғын үйді күтуден туындаған қарыздарды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Қарақшылық жасағаны үшін сотталды

20/05/2016

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында ҚР ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен (қарақшылық) айыпталушы М.Н.  қатысты қылмыстық ісі қаралды. 

Сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады

20/05/2016

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында ҚР ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы)  айыпталған Қ.Е. қатысты қылмыстық ісі қаралды. 

Ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

20/05/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 175 бабының 4 бөлігінің  «б» тармағында (ұрлық)  көрсетілген  қылмысты жасауда кінәлі деп танылған К. А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тонау әрекеті үшін сотталды

20/05/2016

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында ҚР ҚК-нің 191 бабының 1 бөлігімен (тонау) Б.У. қатысты қылмыстық іс қаралды.