Білім алуға берілген мемлекеттік несие бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында «Қаржы Орталығы» АҚ-ның Ж-дан білім алуға берілген мемлекеттік несие бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Қаржы Орталығы» АҚ-ы сотқа білім алуға берілген мемлекеттік несие бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы арызында талапкер мен жауапкер арасында 2000 жылы жасалған үш жақты келісім шарт бойынша, талапкер Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне Ж.-ның білім алушы үшін келтірілетін шығындарды өтеуге байланысты 394326 теңге көлемінде ақша қаражатын төлегенін көрсеткен. 2005 жылғы оқу орнының бұйрығының анықтамасына сәйкес, Ж. оқу орнын мемлекеттік білім алуға берілген несие негізінде тәмамдаған болып есептеледі. Келісім шарт бойынша қарыз алушы білім алуға төленген ақша қаражатын он бес жыл ішінде төлеуі тиіс. Алайда, жауапкер өз міндетін орындамаған. Білім алу үшін төленген мемлекеттік несие бойынша қарыз ақша 388500 теңге, тұрақтылық айыбы 104523 теңге. Талапкер жалпы сомасы жауапкерден 493023 теңге ақша қаражатын өндіріп беруді сұрады.

Сот талапкер өкілінің және тараптардың пікірлерін, келтірілген дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың сөзін тыңдап, «Қаржылық Орталығы» АҚ-ның талап арызын қанағаттандырды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі