«Қаржы Орталығы» АҚ-ның талаптары қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында «Қаржы Орталығы» АҚ-ның С.-дан кепілдік міндеттемелер бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында талапкердің өкілі 2010 жылы жасалған кепілдік міндеттемелер бойынша, талапкер 2010 жылдың наурыз айында жауапкер мен «БТА Банк» АҚ арасында жасалған банктік қарыз шарты дефолт болған жағдайда кепілдік міндеттеме ақша қаражатын төлеуге міндеттенген. Талапкер өзіне жүктелген міндеттер бойынша банкке 276789 теңге көлемінде ақша қаражатын қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамағаны үшін төлеген. Осыған байланысты жауапкерден кепілдік міндеттеме бойынша төлеген 276789 теңге, 15 223 теңге тұрақсыздық айыбын және 8 760 теңге көлемінде мемлекеттік баж ақша қаражатын өндіріп беруді сұрады.

Жауапкер талап арызға қарсылық келтірген жоқ.

Сот талапкер өкілінің және тараптардың пікірлерін, келтірілген дәлелдемелерді зерттеп, талап арызды  толығымен қанағаттандырды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі