Архив событий

19/05/2016

Кәмелетке толмаған тұлғаны масаң күйге дейiн жеткiзгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/05/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөіндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 131 бабына (кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу) сәйкес әкімшілік  іс қаралды.

Азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

19/05/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотында талап қоюшы У.-дың жауапкер С.-ға кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу үшін алименттер өндіру туралы азаматтық іс дауды медиация тәртібінде реттеумен аяқталды.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотымен татуласу келісімі бекітілді

19/05/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, талапкер  «Альянс Жилпромпроект» ЖШС-нің конкурстық басқарушысы Е.Б.-нің жауапкерлер С.В., және С.И. қатысты қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. 

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

19/05/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазастан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 3 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) және 611 бабының 3 бөлігі (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша кәмелет  жасқа толмаған Е.Б.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сақтандырушыға сақтандыру төлемінің жүзеге асырылу әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызы қаралды

19/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Аквапарк Нептун» ЖШС-нің «Страховая компания «Лондон-Алматы» АҚ-на  сақтандыру төлемін жүзеге асыру бөлігіндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы  арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талапты қанағаттандырды

19/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің жауапкер «НиК» ЖШС-не мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және зиян келтірген сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот салық пен өсімді заңсыз деп тану және кеден төлемдерінің қарызын өтеу туралы хабарландыруды жою туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты

19/05/2016

        Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «КЕРЕМЕТ-ЦЕНТР» ЖШС-нің «Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» РММ-не салық пен өсімді  заңсыз деп тану және кеден төлемдерінің қарызын өтеу туралы хабарландыруды жою туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Вальзер» ЖШС-ін жарамсыз деп тану және мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы талабы қанағаттандырылды

19/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер Алматы қаласы Алатау ауданының прокурорының «Вальзер» ЖШС-не мемлекеттік тіркеудің күшін жою және жарамсыз деп тануды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Қару-жарақ және оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша үкім шығарылды

19/05/2016

Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297 бабының 2 бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, беру, сақтау) айыпталған Г.Н. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

АҚШ азаматы шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған

19/05/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 517  бабының 4 бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  АҚШ азаматы С.П.  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот кеңсе үй-жайын жалға беру келісім шарты бойынша қарыз сомасын өндірді

19/05/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Gulya» ЖШС-нің жауапкер «Буров Е.А.» ЖК-не қатысты кеңсе үй-жайын жалға беру келісім шарты бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Пәтерді тонағаны үшін кінәлі деп танылды

19/05/2016

Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  188 бабының 2 бөлігінің 2,3 тармағымен (ұрлық) айыпталған Ф.Д. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.