Архив событий

27/05/2016

Атыс қаруын заңсыз иеленіп тасымалдағаны үшін сотталды

27/05/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру,атыс қаруын тегіс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа) айыпталған К.А-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Дау медиация жолымен реттелді

27/05/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотымен талапкер Marseco Group» ЖШС-нің жауапкер К.М.-дан қарыз соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот қарыз сомасын өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

27/05/2016

Талапкер Г. Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотына, жауапкер Р.-ға ақша сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді. Жауапкер талапкерден 5 600 АҚШ долларын алғаны жөніндегі қол хатта 27.02.2015ж. қайтарамын делінген, алайда жауапкер алған соманы қайтармаған.

Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны жою туралы арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

27/05/2016

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында арызданушы Х. жауапкер Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны жою туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.   

Медиация келісімі бекітілді

27/05/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотымен талапкер К.А.-ның П.Е. қатысты талап арызға өзіндік талаптары жоқ үшінші тұлға - «Жетісу Жаңа құрылыс» ЖШС-нің қатысуымен цессия келісімшартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Бостандық аудандық сотында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолданудағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті

27/05/2016

Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану және азаматтық сот ісін жүргізуді тиімді жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 26 мамырында Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс Басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолданудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.