Архив событий

11/05/2016

Өзбекістан азаматы елдің шегінен шығарылды

11/05/2016

   Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында өзбекістан азаматы А.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 393 бабымен (шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот талапкердің тұрғын үйді заңдастыру құқығын қанағаттандырды

11/05/2016

   Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында талапкер С-нің жауапкер Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиясына комиссия шешімін бұзу және бұзылған құқықты қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды.

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

11/05/2016

    Алматы қаласы Алатау  аудандық сотында  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 361 бабының 2 бөлігімен (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) айыпталған сыбайлас-жемқорлық қылмысын жасағаны үшін  Р.Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот науқасты мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді

11/05/2016

   Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Алматы қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының («ҚМНӘСО» МКМ) Б-ны мәжбүрлі түрде емдеуге жатқызу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ардагерлер назарына

11/05/2016

    Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады.