Архив событий

12/05/2016

Ауғанстан азаматшасы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотталды

12/05/2016

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту)  көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған Ауғанстан Ислам Республикасының азаматшасы М.Н. Шафикаға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Әуе компанияға азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

12/05/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 189-бабының 1-бөлігі бойынша (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу) «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен кінәлі деп танылды

12/05/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру), 200-бабы 1-бөлігі(автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) 380-бабы 1-бөлігмен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпталған Б.В-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Үкім өзгеріссіз қалдырылды

12/05/2016

Соттың үкімімен Байрам Неби Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабы 3-бөлігінің б) тармағында (экономикалық контрабанда) көрсетілген қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып танылып, оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу түріндегі жаза тағайындалды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін талқылауға арналған семинарлық сабақ өткізілді

12/05/2016

   Алматы қаласының Сотттар Әкімшісінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерін талқылауға арналған семинар өткізілді.