Архив событий

30/05/2016

Сот азаматтық істі сот талқылауына дайындау сатысындағы дауды шешті

30/05/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, арызданушы Т.А.-ның, Алматы қаласы Әділет департаментінің Бостандық ауданының аумақтық бөлімі филиалының мемлекеттік сот орындаушысы И.Р.-ның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) берген шағымы, ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексінің 279 бабының 8 тармағына сәйкес қараусыз қалдырылды.  

Сот «Алматыэнергосервис» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды

30/05/2016

Алматы қаласы Түрксіб  аудандық сотында талапкер Алматыэнергосервис» ЖШС-нің талап арызы бойынша жауапкер  Р.Т.М., үшінші тараптар «Түрксіб ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ, және «ASMKConstructions» ЖШС-не жауапкер  Р.Т.М. қолымен расталған тексеру актісін жарамсыз деп тану туралы азаматтық iсi қаралды. 

Жол апатына кінәліге үкім шығарылды

30/05/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан екі адамның өлімі)  сотталған С.Жанатбековке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.