Сот «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РММ талабын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РММ-нің жауапкер «PRO Sklad Provision»ЖШС-нен қарыз сомасын 90 000 теңгені және 500 000 теңге айыппұл өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің материалдары бойынша, талапкер мен жауапкер арасында 14.02.2013ж. №87 мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша гидравликалық арбаша және штаберлер жеткізіп беру туралы келісім шарт жасалды.

Сот азаматтық істі қарап, талапкердің талап арызын қанағаттандырды, себебі жауапкер келісім шарт бойынша алдын ала төлемді алып, тауарды жеткізіп бермеген.Жауапкер шарт бойынша міндетін тиісті түрде орындамаған.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі