Румыния азаматы ҚР заңдылығын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шегерілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Алматы қаласы Наурызбай аудандық ІІБ-ның азамат В-ны ҚР заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шегеру туралы азаматтық ісі қаралды.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық ІІБ сотқа, ҚР заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан В-ны тысқары шығарып жіберу туралы арызбен, жүгінген. Бұған жауапкердің ҚР ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен көзделген қылмысты жасағаны себеп. Алдын ала тергеу барысында қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68 бап 1 бөлігіне сәйкес өндірістен қысқартылған.

Жауапкер В. сот отырысы барысында талапты толықтай мойындады.

Жоғарыда аталғандарды, келтірілген дәлелдерді және басқа да берілген іс материалдарының жиынтығын саралап, сот, В. есімді Румыния азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шегеру туралы талабын қанағаттандырды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі