Архив событий

22/07/2016

«Ашық есік күні» өткізілді

22/07/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Сот төрағасы Ж.С. Бекжановтың қабылдауында болған аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сот ісін жүргізуге қатысты сұрақтарын койды.

"Ашық есік күні" Жетісу аудандық сотында

22/07/2016

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында  сот жұмысы мен оны ұйымдастыру туралы қызығушылық  мәселелері бойынша азаматтар үшін «Ашық есік күні» атты кезекті іс-шара өткізілді.

Ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалған шығын бойынша қарыз өндірілді

22/07/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Дом Сервис & Клининг» ЖШС жауапкер Ш.-дан ортақ мүлкті күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дауда оңтайлы шешім табылды

22/07/2016

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында талапкер Ш.-ның жауапкерлер Ж.-ға, Ш.-ға, нотариус Н.,Т., нотариус А.-ға қатысты некені бұзу, мүлікті бөлу, ақшалай салымдарды, сенімхатты, автокөлікті сатып алу-сату шартын, көлікжайды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Медиация туралы келісім бекітілді

22/07/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында ҚазақстанРеспубликасының ҚК–нің 188 бабы 2 бөлігі 1 тармағы (ұрлық) бойынша азамат О. және С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.