Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дауда оңтайлы шешім табылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында талапкер Ш.-ның жауапкерлер Ж.-ға, Ш.-ға, нотариус Н.,Т., нотариус А.-ға қатысты некені бұзу, мүлікті бөлу, ақшалай салымдарды, сенімхатты, автокөлікті сатып алу-сату шартын, көлікжайды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 27 сәуірінің қаулысымен 2015 жылғы 18 мамырдағы Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының шешімі және Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істері бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгертілген. Ортақ мүлікті бөлу талабында күші жойылған, қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдырған. Күші жойылған бөлігінде Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына өзге құрамда қарау үшін жолданған.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісім бекітті.

Іс жүргізу өндірістен қысқартылды.

Аталған азаматтық іс 2014 жылы басталғанын, тараптар сот актілерімен келіспей бірнеше рет дауланғандығын айта кету қажет.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі