Архив событий

11/07/2016

Масаң күйде болып көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылды

11/07/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабы 1 бөлігімен  (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталған Т.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жеке фирма менеджері мүлікті талан-таражға салу және алаяқтық үшін сотталды

11/07/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сотталушы М.И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағы және 190 бабы 3 бөлігінің 1 тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi бiрнеше рет аса iрi мөлшерде талан-таражға салу және өзінің қызмет бабын пайдалана отырып ірі мөлшерде алаяқтық жасау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемденгені және талан-таражға салғаны үшін сотталды

11/07/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде  иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқырғаны үшін Н.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігінің 1 тармағы (иемдену және талан-таражға салу, яғни ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Коммуналдық қызмет үшін қарыз сомасы өндірілді

11/07/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жауапкер Л.Я.-дан қарызды және де баж салығы бойынша шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен жылу жүйесі мен ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарыз сомасы өндірілді

11/07/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жылыту және ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.