Архив событий

16/07/2016

Ерлі-зайыптылардың дауы партисипативті рәсім тәртібінде қаралды

16/07/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер А.-ның жауапкер  К.-ға некені бұзу және кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы партисипативті рәсім тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Букмекер орталығының кассирі мен күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша іс қаралды

16/07/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Э.Н., Қ.Н. және Ә.Д. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармағымен айыптау (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

16/07/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 2016жылы  ҚР ҚК-нің 296 бабы  2 бөлігімен  (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мұра туралы азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

16/07/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Ц.-ның Б.-ға, нотариус Ш.-ға мұраны қабылдау мерзімін қайта қалпына келтіру, мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану, мұра құқығы туралы куәлігін ішінара жарамсыз деп тану,  мұралық мүлігінің үлесін аңықтау, сомасын өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

16/07/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында  көлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққаны үшін   С.Н.–ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Сотпен қуғын сүргінге ұшыраған фактісі анықталды

16/07/2016

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында арызданушы К.Л.-ң қуғын сүргінге ұшыраған фактісін анықтау және жаппай құғын-сүргін құрбаны деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, арызданушының ата-аналары 1937 жылы алыс шығыстан саяси дәлелді жер аударылып, оларға елді мекенге еркін қоныстану құқықтарын шектеу режимі қолданылған.

Сыйға беру туралы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы іс қаралды

16/07/2016

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында арызданушы ағалы әпкелі А және Б арызымен оларға жауап беруші жиені В.-ға қатысты, жауап беруші В мен оның қайтыс болған әкесі Г. арасында 2011 жылы жасалған тұрғын үйді жерімен сыйға беру туралы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Өзбекістан азаматы сот шешімін орындамағаны үшін айыппұлға тартылды және Қазақстанның шегінен тысқары шығарып жіберілді

16/07/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында шетелдіктің оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімін орындамағаны үшін А.Ж.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық қаралды.

Алматы қаласының тонау жасауға кінәлі екі тұрғынына үкім шығарылды

16/07/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонағаны үшін Д.Е., М.Ш -ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

16/07/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабының 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін У.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.