Архив событий

15/07/2016

Дау партисипативтік рәсім тәртібінде реттелді

15/07/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ-ның жауапкер Т.-дан несие келісімшарты бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қарақшылық жасағаны үшін сотталды

15/07/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (қылмыстық топ болып аса iрi мөлшерде жасалған қарақшылық ).

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасымен азаматтармен «Ашық есік күні» өтті.

15/07/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік сотында  сот жұмысы туралы және оны ұйымдастыру туралы қызығушылық  мәселелері бойынша азаматтар үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара өткізілу барысында сот төрағасы Б.Тәжіхановтың  сұрақтар бойынша азаматтармен  сұхбаттасу  жүргізілді.

Сот татуласу келісімін бекітті.

15/07/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан түскен қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

«Ашық есік күні»

15/07/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтары бойынша ашық есік күні өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

15/07/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189 бабы 3 бөлігінің 1 тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті өзінің қызмет бабын пайдалана отырып ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленушінің татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

15/07/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Оңайтылған (жазбаша) түрде іс жүргізу

15/07/2016

Әуезов ауданының №2 аудандық сотында жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Т.А. жауапкер Т.А-тан 106 000 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы  талап арызбен сотқа жүгінді.

Медиативті келісім жасалды.

15/07/2016

Әуезов ауданының №2 аудандық сотында К. А-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен аяқталды.

Жеке тұлғаның талаптары ішінара қанағаттандырылды

15/07/2016

Азамат И. оған қатысты азамат К. жасаған қылмыстық теріс қылықтың нәтижесінде оған келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот қылмыстық істің материалдарын, соның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысын зерделеп, істің мән-жайларын анықтап, талап қоюшының талабын қанағаттандырып, жауапкерден моральдық зиянның есебіне 70 000 теңге өндірді.

«Ашық есік күні»

15/07/2016

Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.К. Төлегенов пен Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде оқитын колледж студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.