Сотпен бұрынғы жұмысшыдан материалдық шығын сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алатау аудандық сотында талапкер «Компания Плюс» ЖШС-нің жауапкер И.-ға қатысты материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.  

 «Компания Плюс» ЖШС сотқа И.-дан материалдық шығын сомасы 511 281 теңгені өндіріп беруін сұрап жүгінген.

Сотпен анықталғаны, И. еңбек шарты негізінде «Компания Плюс» ЖШС-не жол жүргізуші шабарманы ретінде жұмысқа орналасқан. «Компания Плюс» ЖШС-гі мен И. арасында материалдық жауапкершілік шарты жасалған. 13.04.2015 ж. шығыс-кассалық ордерге сәйкес И. үш салоннан 511 281 теңге сомасын алған.

Ақша алғаны туралы және шығыс-кассалық ордердегі қол қою жазбасын И. даулаған жоқ, келісті. Сондықтан сот материальдық шығынды жауапкерден өндірді.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі