Архив событий

05/07/2016

Алматыда нәресте сату туралы іс бойынша үкім шығарылды

05/07/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алматы облыстық көпсалалы ауруханасының перзентхана бөлімінің қызметкерлеріне, перзентхана бөлімінің меңгерушілеріне, аға медбике және басқа да қызметкерлеріне, сонымен қатар өздерінің нәрестелерін сатқан босанған әйелдерге, сатып алушылар мен делдалдарға қатысты үкім және әрекеттеріне шын жүректен өкінгендеріне байланысты қылмыстық қудалау қысқартылғаны туралы қаулы шығарылды. Барлығы 32 адамға қатысты.