Қарыз туралы дау медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер В.-ның жауапкер Г.-дан қолхат бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Талапкер В. жауапкер Г.-дан 8 519 АҚШ долларға тең қарыз сомасын,  28 037 теңгеге тең мемлекеттік баж сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Талапкер арызында Г.-ның 2014 жылы маусым айында  10 400 АҚШ доллар қарыз сомасын алғанын,  ақша алғандағы туралы қолхатты жазғанын және екі ай ішінде қарыз сомасын төлеуге міндеттенгенін айқындады. Жауапкер қарыз сомасының төрттен бір бөлігін төлеп, жаңа жазылған ақша алғандағы туралы қолхатта қараша айына дейін қарызды қайтару мерзімін көрсетіп, 737 500 теңгеге тең сомасын қайта қарызға алады. Жауапкер төлеген жалпы сомасы 832 918 теңгеге жиналды.

Судья-медиатордың қатысуымен тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Келісім бойынша талапкер өз талаптарынан бас тартады. Жауапкер бір жыл ішінде 2 527 500 теңгеге тең сомасын төлеуге міндеттенді.  

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі