Архив событий

21/07/2016

Сот тәжірибесінің жалпылама қорытындысы талқыланды

21/07/2016

Бостандық аудандық сотында сот төрағасы және судьялардың қатысуымен жедел отырысы өткізілді. Жедел отырысында Жоғарғы соттағы банк заем шартынан туындайтын азаматтық істерді қарау кезіндегі даулар бойынша сот тәжірибесі қорытындысының негізгі сұрақтары талқыланды.

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан әкімшілік жолмен шығырылып жіберілді

21/07/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 496- бабы 2- бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) РФ-ның азаматшасы Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен ұсыным қанағаттандырылды

21/07/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотымен П. қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметі бастығының ұсынысы қаралды.

Сотталушыға мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емдеу тағайындалды

21/07/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабы 3 бөлігі, 297 бабы 2 бөлігімен (ірі мөлшердегі есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз, заңсыз сақтау және есірткі заттарды ірі мөлшерде өткізу) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Алматы қаласының ІІД-нің арызы қанағаттандырылды

21/07/2016

Алматы қаласының Әуезов ауданының №2 аудандық сотына арызданушы Алматы қаласының Ішкі Істер Департаменті Тәжікстан мемлекетінің М. есімді азаматын  мемлекеттен шығару туралы арызымен сотқа жүгінді. М. тұрғылықты тұратын мекен-жайы болмағандықтан, мемлекееттен шығуға бас тартып ҚР қылмыстық заңнамасын бұзған.