Медиация туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында ҚазақстанРеспубликасының ҚК–нің 188 бабы 2 бөлігі 1 тармағы (ұрлық) бойынша азамат О. және С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталған істі қарау кезінде со тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді. Сондықтан, тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды. Келісім шарттары бойынша жәбірленуші Г. Қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін білдіреді, себебі келтірілген зиян толығымен өтелген.

Сот қаулысымен О. және С. ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы бойынша ҚР ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігі негізінде, жәбірленуші мен сотталушылардың арасында медиация тәртібінде келісім жасасуына, және де, сотталушылардың жәбірленушімен татуласуымен медиация тәртібінде келтірілген зиянды өтеуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі