Архив событий

22/04/2016

Оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін сотталды

22/04/2016

   Алматы қаласы Жетысу ауданының №2 аудандық сотында Б.Д. қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287 бабының 3 бөлігімен (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот актісін орындамағаны үшін қамауға алдынды

22/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669 (сот шешімін орындамау) бабы бойынша А.О-қа қатысты әкімшілік істі қарады.

Қылмыстық жазалау іс-әрекет белгілерінің болуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

22/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 2 бөлігі (көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қаматамасыз етудің белгіленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының  немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша Ж.Алимовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аса ірі мөлшерде героинды өткізгені және сақтағаны үшін үкім шығарылды

22/04/2016
   Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған Ореховқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

230 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

22/04/2016
   Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Б.А. қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын   басқаруы) көзделген айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

22/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлігі; 611 бабының 2 бөлігі бойынша У.Торебековке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені үшін жауапкершілікке тартылды

22/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша Б.Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен интернет желісінде таратылған ақпараттар заңсыз деп танылды және оны тарату тоқтатылды

22/04/2016
   Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Алматы қаласы Алатау аудандық прокурорының интернет желісіңде бұқаралық ақпарат құралдарының шетелдік онлайн-ресурстар таратылған ақпараттар заңсыз деп тану және оларды Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтату туралы талап-арызымен азаматтық іс қаралды.