Түрксіб аудандық сотында бітімгершілік рәсімдерді соттарда қолдануға арналған тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
  Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында «Медиация, тараптардың бітімгерлік рәсімдерінің бір түрі ретінде» атты семинар тренинг өтті.
   Семинарға Алматы қалалық сотының судьясы Г.Кожаханова, аудандық сотының судьялары, сонымен қатар психолог пен медиатор қатысты.
Семинарды «Халықаралық құқыққорғау орталығы» ҚҰ басшысы Ж.Жакупов  өткізді.
   Семинар барысында тараптар арасындағы медиация өткізу мәселелері терең талқыланып, тараптар арасындағы даулы мәселелерді бітімгершілік жолымен шешу жолдары қарастырылды. Семинар соңында соттың судьяларына семинар ұйымдастырушылары сертификат тапсырды. Өз кезегінде сот судьялары  семинар ұйымдастырушыларына  алғыстарын білдірді.        
 
Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі