Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында татуластыру әдістерін қолдануға бағытталған семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
    Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында татуластыру әдістерін қолдануға бағытталған семинар өтті.
  Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты ғимаратында «Медиация әдісі және даулар мен алауыздықты шешудегі медиатордың құралдары» атты тақырыпта семинарлық сабақ өткізілді.
  Семинар «Қазақстанның Медиаторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры, «Халықаралық құқыққорғау орталығы» қоғамдық ұйымының басшысы Ж. Жақыповпен өткізілді.
   Семинар шеңберінде Ж. Жақыпов даудың түсінігі, түрлері және қызметі, медиатордың байланыс дағдысы, тараптардың мүдделері және қарсылықтарымен жұмыс жөнінде түсініктер берді. 
 
Қайнар: 
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі