Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлігі; 611 бабының 2 бөлігі бойынша У.Торебековке қатысты әкімшілік іс қаралды.
   2016 жылдың 27 ақпанында  сағат 16:45 шамасында жүргізуші Торебеков Байтұрсынов көшесімен «Volvo 850», автокөлігін басқарып келе жатып  М.О. басқарып келе жатқан «Ваз 21144» автокөлігімен соқтығыс жасап, ҚР ЖЖЕ 10.9 п бұзып, нәтижесінде автокөлікке залал келтіріп, жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
  Сот қаулысымен У.Торебеков 10 айлық есептік көрсеткіш,  21210 теңге көлемінде айыппұл және бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруға тартылды.
   Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі