Архив событий

20/04/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында бітімгершілік рәсімдерге қатысты өзекті мәселелері талқыланды

20/04/2016
   Алматы қаласы Алатау аудандық сотында прокуратура қызметкерлерінің, Алматы қаласының Алатау аудандық Әкімінің аппараты, Алматы қаласы Алатау аудандық  №15 Заң кеңсесінің адвокаттарының, Нотариаттық палатасы, ЖШС «Медиацияның  даму орталығының» кәсіби медиаторларының және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен татуластыру рәсімдерін қолдану туралы өзекті сұрақтар бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Алматы қаласының судьяларын медиациямен машықтандыру оқытылуда

20/04/2016
   Алматы қалалық сотының бастауымен ҚҰ-ның Медиация орталығының «Халықаралық құқыққорғау орталығы» 2016 жылғы 19-26 сәуір күндері аралығында  Алматы қаласының аудандық соттарында барлық қолданыстағы судьяларды медиациямен машықтандыру бойынша оқытулар өткізіледі. 

Үнді Республикасының азаматы әкімшілік айыппұлға тартылды

20/04/2016
   Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 517 бабының 5 бөлігімен (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының  халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Үнді Республикасының азаматы  Матхур Рахулға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шетелдік азаматты елден шығарып жіберу туралы шешім шығарды

20/04/2016
   Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің талап арызы бойынша Өзбекістан Республикасының  азаматы Ж.Сулеймонов азаматының Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Алматыда Алматы облысы Боралдай кентінің бұрынғы әкімін алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

20/04/2016
   Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен (алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін сот алдындағы айыбы бойынша Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің әкімі Е.Сулетаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сот сарапшы-аудитордың қызметін тоқтатты

20/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 417 бабының 1бөлігімен (тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Кеден одағының тауары немесе шетел тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу) көзделген М.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.