Қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша Б.Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
  2016 жылғы 21 наурызда шамамен сағат 23:00-де  Б.Р. қоғамдық орында, Алматы-1 темір жол станциясының вокзал бекетінде, алкогольдік мас күйінде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Бұрын соңды ол бір жыл ағысында қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені үшін үш рет жауапкершілікке тартылған. Сотта құқықбұзушы өз кінәсін толығымен мойындады.
  Алматы қалалық сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, бір тәулік көлеміндегі әкімшілік  қамаққа алынды.
   Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі