Архив событий

19/04/2016

Ұрлау туралы іс тараптардың татуласуымен аяқталды

19/04/2016
   Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Д.Е. қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін сотқа берілген айыбы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот азаматтық дауды медиация тәртібімен шешті

19/04/2016
   Алматы қаласының Әуезов ауданының № 2 аудандық сотымен азаматша А.-ның  жауапкер К.-дан жол көлік оқиғасы салдарынан  келтірілген шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматық ісі қаралды.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында AirAstana әуекомпаниясының ұшқышына қатысты қылмыстық іс басталды

19/04/2016
  Алматы қаласы Түркісіб аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 286 бабы 1 бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы), 296 бабының 2 бөлігімен (есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу), 358 бабының 1 бөлігімен (алкогольдік масаң күйдегі адамның әуе кемесін басқаруы) көзделген құқықбұзушылық бойынша айыпталған  AirAstana авикомпаниясының ұшқышы Р.Быковқа қатысты қылмыстық іс  басталды.

Тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге отырды

19/04/2016
  Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер О.П. жауапкер «Алтел» Акционерлік Қоғамына санитарлық-эпидемиологиялық тұжырымды жарамсыз деп тану және моральдық залалды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Автокөлік бұзушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 68 бабының 1бөлігі бойынша А.М. және Ж.Т. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот үкімімен адамды өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды

19/04/2016
   Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 бөлігімен, 99 бабының 1 бөлігімен(адам өлтіруге оқталу) айыпталған З.Кожановаға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.