Архив событий

29/04/2016

AirAstana әуекомпаниясының ұшқышы Р.Быковқа үкім шығарылды

29/04/2016
  Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 286 бабы 1 бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы), 296 бабының 2 бөлігімен (есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу), 358 бабының 1 бөлігімен (алкогольдік масаң күйдегі адамның әуе кемесін басқаруы) көзделген құқықбұзушылық бойынша айыпталған  AirAstana авикомпаниясының ұшқышы Р.Быковқа қатысты қылмыстық іс  аяқталды.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ студенттері болып қайтты

29/04/2016

   Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз есігін Алматы қаласының Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ студенттеріне ашты.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесі қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері туралы жадынаманы талқылау» тақырыбында жиналыс өткізілді

29/04/2016
  Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында сот мамандары арасында «Сот жүйесі қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері туралы жадынаманы талқылау» тақырыбында жиналыс өткізілді. 

Сот Алматы қаласының тұрғынының жылжымайтын мүлікті заңдастыру құқығы туралы талап арызын қанағаттандырды

29/04/2016
   Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында талапкер К-нің жауапкер Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиясына және Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімшілігіне Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы комиссияның шешімі мен хаттамасының күшін жою туралы азаматтық іс қаралды.

Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігінің қызметкеріне дәріхананы заңсыз тексергені үшін айыппұл салынды

29/04/2016
  Алматы қаласы  мамандандырылған  ауданаралық әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 175 бабының  1 бөлігінің 2 тармағы (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу) бойынша Алматы қаласы  Алмалы ауданы әкімдігі аппатаратының экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің аға кеңесшісі Ғ.Н-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дау медиация тәртібімен шешілді

29/04/2016

   Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «АКАБЕР» ЖШС жауапкер Алматы қаласы білім басқармасы «Ясли-сад № 164» МКҚМ қарыз сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Сот жұмыс берушіге жұмысшылардың жалақысын төлеу туралы мемлекеттік инспектордың нұсқама хатын орындауды міндеттеді

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Алматы қаласының көші-қон және мемлекеттік инспекция басқармасы» КММ-нің жауапкер «ПТИ Пищепром» ЖШС-ін жұмысшылардың жалақысын төлеу туралы мемлекеттік инспектордың нұсқама  хатын орындау туралы талап арызы бойынша азаматық іс қаралды.

Рұқсат қағазсыз қару сақтағаны және алып жүргені үшін айыппұл салынды

29/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 482  бабы 1 бөлігі (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша И.О. қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот мүлікті қамаудан босатты

29/04/2016

   Алматы қаласы Түрксіб  аудандық сотында талапкер  «Казкоммерцбанк» АҚ-ның талап арызы бойынша жауапкер  «ЕАТ» ЖШС, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің жер ресурстарын басқару және тұрғын-үй коммуналдық комитетінің Алматы қалалық жер-кадастры бөліміне, Г.В. есімді азаматқа мүлікті қамаудан босату туралы  азаматтық iсi қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қасқартылды

29/04/2016

  Алматы қаласы Бостандық ауданының №2  аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) айыпталған З.А.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Әділет» колледжінің заң факультетінде оқитын студенттерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді

29/04/2016

    Алматы қаласы Жетісу аудандық соттында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сот кеңсе менгерушісінің м.а. Г.Керимбекова «Әділет» колледжінің заң факультетінде оқитын студенттерге арналған «Ашық есік» күнін өткізді.  

Сот дүкеннің жұмыс режимі туралы ақпаратты көрсететін жарық беруші таблоны сыртқы көрнекі жарнама деп таныды

29/04/2016

  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ДИН» ЖШС-нің жауапкерлер «Алматыжарнама» ЖШС-не, «Алматы қаласының сәулет және құрылыс басқармасы» КММ-не  мемлекеттік органның  және жергілікті өзін-өзі басқару биліктерінің шешімдерін заңсыз деп тану туралы арызын қарады.

Сот залалды өндіруді қанағаттандырудан бас тартты

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Asia corporation» ЖШС-нің жауапкер «Алматыжарнама» ЖШС-нен 19 200 000 тенге көлеміндегі залал сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.   

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

29/04/2016
   Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігі(адам өлтіру), 188 бабының 1 бөлігімен (ұрлау) айыпталған М.Жексембаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды. 

Түрксіб аудандық сотында алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматтарды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы өзекті мәселелер талқыланды

29/04/2016

   Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматтарды наркологиялық орталыққа мәжбүрлі түрде емдеуге жіберуден туындайтын мәселелерді талқылайтын дөңгелек үстел өткізілді.

Сот тауар таңбалары бойынша құқықты қалпына келтірді

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер FERRERO S.P.A. Компаниясының жауапкерлер «BelizCompany» ЖШС-і мен  «АНАДОЛУ Маркетинг» ЖШС-не тауар таңбаларын заңсыз пайдалануды тоқтату және тауар таңбаларына араласу дәрежесiне дейiнгi ұқсас белгіленген тауарларды жою туралы, сондай-ақ «TIC TAC» тауар таңбалары бар қаптамалардың  заңсыз пайдалануды және басқадай қолданысқа жіберуді тоқтату, «TIC TAC» тауар таңбалары бар қаптамаларды жою, келтірілген зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

 

Жеке кәсіпкердің заңды құқығы қорғалды

29/04/2016

  Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына  «Алматы қаласы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» КММ-нің жеке кәсіпкер Думчебаева Г.М. нұсқаманы орындау туралы талап арыз түсірді. Талап арызда жеке кәсіпкердің Жер кодексінің талабын бұзғаны, яғни мемлекет меншігіндегі жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарсыз пайдаланып отырғаны көрсетілген. 

Сот Банкке өзінің міндеттемесін орындауды міндеттеді

29/04/2016

  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «ТАМGA mini» ЖШС-нің Банктің инкассалық өкімнің орындамау іс әрекетін заңсыз деп тану және оны мәжбүрлеп орындату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды. 

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында «Сот қызметкерлерінің тосынжағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

29/04/2016

   Семинар барысында сот маманы Ж. Темірғалиева сот мамандарына өз қызметін атқару барысында ұстамдылықты және қадір-қасиетті сақтап, өзінің түр-сипатымен және іс-әрекеттерімен сенімділік пен сабырлық таныту қажеттігін, сонымен қатар, тәртіп бұзушылар жанжалды жағдай тудырған кезде бірқалыпты эмоционалдық-психологиялық тұрақтылық танытуға, өзі жанжалға араласпауға, оны шешу және алдын алу үшін қажетті шаралар қолдану туралы түсіндірді.

Алматы қаласы Әуезов аудандық соттарында дауларды шешу үшін баламалы әдістерді пайдалануға арналған семинар өтті

29/04/2016
  «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры және кәсіби медиатор Ж.А.Жакуповпен Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық соты мен Әуезов аудандық сотының судьяларына «Медиатордың даулар мен келіспеушіліктерді шешу үшін медиация рәсімі мен құралдарын пайдалану тәсілі» туралы тақырыбында семинар өткізілді.   

Тараптар медиативті келісімді жасасты

29/04/2016

   Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру), 200 бабының 3 бөлігімен (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын  жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) көзделген қылмыс жасаған Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот жол жөндеу жұмыстарының орындалғандығы туралы актіні жарамды деп тану туралы талап арызды қанағаттандырмады

29/04/2016

  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Строй-Сервис и К» ЖШС-нің  жауапкер «Фирма Ада Ойл» ЖШС қатысты жұмыстың орындалғандығы туралы біржақты актіні жарамды деп тану туралы талап арызы бойынша және «Фирма Ада Ойл» ЖШС-нің  «Строй-Сервис и К» ЖШС-нен өсімақы сомасын өндіріп алу туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің ыстық судың алымдарын қайта есептеуін міндеттеді

29/04/2016

  Алматы қаласының Алмалы ауданының №2  аудандық сотында О.Г.-ның жылу және ыстық су жеткізу бойынша өз міндеттерін орындамағын «Алматы жылу желілері» ЖШС-не қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен материалдық шығынды өтеу бас тартылды

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, талапкер «КазСтройСервис» АҚ-ның жауапкер «Kahar Секьюрити» ЖШС-нен 6 827 314, 37 тенге көлемінде материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.   

Заңға қайшы әрекетін жүзеге асыру үшін көрінеу үй-жайлармен қамтамасыз еткені үшін айыппұл

29/04/2016
  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің  450 бабының 1бөлігі бойынша М.К.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот сақтандырушыға азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы міндетті сақтандыру шартын жасауды мәжбүрледі

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Бонита Тур» ЖШС-нің жауапкер «Страховая компания «Альянс Полис»» АҚ-на міндетті сақтандыру шартын жасауды мәжбүрлеу туралы азаматтық ісі қаралды. 

Хабарлама жіберу бойынша салық қызмет органдарының іс-әрекеті сотпен заңды деп танылды

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Caspian Telecommunication Projects» ЖШС-нің жауапкер «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы» РММ-ің заңсыз деп тану және салық заңнамасының кемшіліктерді жою туралы  хабарламаның күші жою туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Соттың пошталық мекенжайына алғыс хат келіп түсті

29/04/2016

  Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы К. Әріповтың поштасына тұрғындар: Д. Гармашова, А. Шаяхмет, Г. Ахмадиева, Д. Исмағұлова, М.Олейникова, Л. Рахметова, А. Шагаеваның атынан хат келіп түсті. 

Тонауға оқталғаны үшін сотталды

29/04/2016

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 бөлігі, 191 бабының 2 бөлігінің  4 тармағында көзделген қылмыстарды жасаған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Автокөлік құралын тіркеу тізімінен шығару туралы талап арызды қанағаттандыру туралы шағымдану арызы қайтарылды

29/04/2016

 

  Алматы қаласы Алмалы ауданының  №2 аудандық сотында талапкер И. жауапкер Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментіне берген автокөлікті тізімнен шығару және өз құқықтарын жүзеге асыру үшін кедергілерді алып тастау  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызды ішінара қанағаттандырды

29/04/2016

  Алматы қаласы  Алмалы ауданының №2 аудандық сотында Ltde ЖСН-ің Л.Д.-ға қатысты пәтерді су басқанының нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Көрсетілген қызмет құнын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

29/04/2016

   Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «ИНТЕГРА-С» Р.А. ЖК-і жауапкер «Мал шаруашылығы және жемшөптік өндіру Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нен көрсетілген қызмет сомасын және сот шығындарын  өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

29/04/2016

  Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында К.М.-нің Р.А.-ға қатысты пәтерді су басудың нәтижесінде клтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот кәсіпкерден қарыз соммасын өндірді

29/04/2016

  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, талапкер «ARN Company» ЖШС-нің жауапкер Штайнпрайс С.В. ЖК-нен қарыз соммасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.