Архив событий

06/04/2016

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімшілігінде медиатор кабинеті ашылды

06/04/2016

Алатау аудандық сотымен Алматы қаласы Алатау ауданының Әкім Аппаратымен бірге әрдайым қолданыстағы медиатор кабинеті ашылды.

Медиатордың кабинеті аудан әкімшілігінің ғимаратында ашылды. Кабинет күнделікті жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Татуластыру рәсімдерін кәсіби емес медиатор Дәулет Базарқұлов өткізеді.

Қылмыстық іс бітімгершілікпен аяқталды

06/04/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты Алматы қаласындағы С.Торайғыров атындағы мектеп ғимаратында ашық сот отырысында, ҚР ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісін қарады. Сот мәжілісі Алматы қаласы Наурызбай аудандық Ішкі Істер Басқармасының жеке құрамының қатысуымен өткізілді.