Архив событий

01/04/2016

Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

01/04/2016
   Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 2 бөлігімен(есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) көзделген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылған К.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Алматы қалалық сотында электрондық есептеме мен сот органдарының статистикасын қалыптастыруды дайындау жөніндегі сұрақтар бойынша кездесу өтті

01/04/2016
   Алматы қалалық сотында Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары З.Бакидің, қалалық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің мамандарының, кеңсе меңгерушілері мен аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарының, сонымен қатар Алматы қаласының прокуратура өкілінің қатысуларымен электрондық есептеме мен сот органдарының статистикасын қалыптастыруды дайындау бөлімінде ақпараттық-талдау жүйесінің тәжірибелік біріктіру туралы сұрақтар бойынша кездесу өтті.