Тараптар бітімгершілік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер А. Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында жауапкер Л.-ға қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотта келесі мән жайлар анықталды, жауапкер талапкерде жұмыс істеген. Жұмыс істеу барысында талапкер мен жауапкердің арасында оқуды қамтамасыз ету туралы шарт жасалған. Талапкер келісім шартта көрсетілген өзінің жауапкершілігіне алынған барлық мән-жайларды талапқа сай орындаған. Яғни оқу барысында жауапкердің оқу ақысын төлеп, оқуды өз кезегінде талапқа сай оқуына мүмкіндік жасаған. Оқуды бітіргеннен кейін жауапкер талапкермен келісілген шарт бойынша 3 жыл жұмыс істеуді  мойнына алған. Бірақ өзінің міндеттерін орындамаған. Себепсіз жұмыс күндерін қалдырған. Келісім-шартта көрсетілгендей, егер жұмыс алушы өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда, осы уақытқа дейін жұмыс берушінің жұмыс алушыға оқу барысында жұмсалған ақша сомасын қайтаруға міндеттеледі.

Сот отырысында жауапкер өзіне жүктелген міндеттерді толық көлемде мойындаа, талапкерге қарыз сомасын өтеуге міндеттелді.

Екі жақ бітімгершілік келісіміне келді.

Сот бітімгершілік келісімі туралы ұйғарым шығарды.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі