Сот жалпы үлестік меншіктегі мүліктен үлесін беру туралы талап арызынан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында  талапкер Д.-ның жауапкер Ч.-ға қатысты жалпы үлестік меншіктегі мүліктен үлес беру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Д.  жауапкер Ч.-ға қатысты Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Труд» бағбаншылық серіктестігінде орналасқан  0,0600 га  көлеміндегі жер телімін және жалпы көлемі 189,7 ш.м. құрайтын үйдің үштен бір бөлігін бөлу туралы талап арызымен  сотқа жүгінді, мирасқа құқық туралы куәлікке сәйкес жылжымайтын мүліктің иесі болғанына қарамастан,   жауапкерлер оған дұшпандықпен араласқандықтан және осы үйде тұруға кедергі жасағандықтан сотқа жүгінуіне тура келген.  

Жауапкердін өкілі  сот отырысында талапкердін талап арызын мойындамады, талапкер ұсынған нұсқа бойынша үйді бөлу мумкін еместігін түсіндірді және  сарапшының қорытындысымен расталғанын айтты. Осыған байланысты соттан талап арызды қанағаттандырудан бас тартуын сұрады.

Бостандық аудандық сотымен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі