Архив событий

07/06/2016

Жазаны өтеу тәртібі мен ережесін бұзды

07/06/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Алматы қаласы Алатау аудандық пробациялық қызметі бөлімінің аға инспекторы сотталған А.ға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Ата-аналық құқығынан айыру және алимент өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырылды

07/06/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласы Білім Басқармасының У.ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру және балаға алимент өндіру туралы талап арызын - толығымен қанағаттандырды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

07/06/2016

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ  «Психикалық сауықтыру орталығы» МКК-нің директоры К.С.Алтынбековтың және дәрігердің қатысуымен  Алматы қаласы Бостандық ауданының  №2 аудандық сотында «Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ  «Психикалық сауықтыру орталығынан» келіп түскен материалдар бойынша қарау кезінде туындаған сұрақтар» бойынша дөнгелек үстел өткізілді. 

Балаларды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды

07/06/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша И-ге қатысты ҚР ӘҚБ тК-нің 127 бабының 1 бөлігі (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердi балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы)  бойынша қозғалған әкімшілік істі қарады.