Архив событий

08/06/2016

Тұрғын үйді ұстау үшін жұмсалған шығын бойынша қарыз соманы өндіру

08/06/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Компания РЕАЛ-сервис» ЖШС жауапкер Р.К.Сабалиевадан тұрғын үйді ұстау үшін жұмсалған шығын бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Жеке табыс салығы бойынша және салық міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін өсімпұлды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды

08/06/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы ММ-нің жауапкер К.ға қатысты қарыз сомасын, соның ішінде табыстар бойынша жеке табыс салығының өсімпұл сомасын,  ұстап қалуға жатпайтын, соның ішінде берешегі және мемлекет пайдасына өсімпұлдарды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Неке және сату–сатып алу келісімшарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша дау медиация тәртібінде реттеліп, іс өндірістен қысқартылды

08/06/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер Б. жауапкер Ж., Б., нотариус К.ға, талап–арызға өзіндік талаптары жоқ үшінші тұлға–нотариус У.ға неке келісімшартын және сату–сатып алу келісімшартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Даудың медиация тәртібінде реттелуіне байланысты іс өндірістен қысқартылды

08/06/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер Р.-ның М., М., талап арызға өзіндік талаптары жоқ үшінші тұлға– нотариус К.-ның қатысуымен мұрагерлік мүлікті бөлу туралы талап арызымен азаматтық ісі қаралды.

«Несие келісімшарты бойынша азаматтық істерді қарау кезіндегі банктік, азаматтық және азаматтық процессуалдық заңнаманы қолданудағы күрделі мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

08/06/2016

Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Келісім шарттар бойынша қарызды өндіріп алу жөнінде Банктер мен Коллекторлық компаниялардың талап арыздарымен қозғалған азаматтық істерді қарау кезіндегі банктік, азаматтық және азаматтық процессуалдық заңнаманы орындаудағы күрделі мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.