Архив событий

30/06/2016

Сот қатысушыны және ЖШС директорын қосалқы жауапкершілікке тарту туралы талабынан бас тартты

30/06/2016

Сотқа талапкер тарапынан жауапкердің ЖШС келтірген зиянын растайтын кінәсі, нақты және мүмкін дәлелдәрі көрсетілмеген. Сол себепті сот қатысушыны және ЖШС директорын  қосалқы жауапкершілікке тарту туралы Банкроттық басқарушының талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Өткізу мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

30/06/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағында (заңсыз есірткі заттарының айналымы) көзделген қылмысты жасаған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сақтандыру төлемін өндіруге қатысты дау сотпен қаралды

30/06/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Алматы облысының мемлекеттік кіріс департаменті» РММ-нің «Казахская Корпорация Здравоохранения и Медицинского Страхования Интертич» АҚ-нан келісім шарт бойынша мемлекет пайдасына салықты және кеден баж салығын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды

30/06/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотымен сотталушы Х.Р. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабы 3 бөілігімен (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруайыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні өткізілді

30/06/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында сот төрағасы М.Кәкімжанов Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен прокуратура өкілдерінің, студенттердің қатысуымен Ашық есік күні өткізілген.

Сот банкроттық басқарушысымен жүктелген міндеттемелердің заңдылығын анықтады

30/06/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаментінің банкрот және ақтау саласының уәкілетті органының банкрот және ақтау тәртібіндегі Әкімшісінің, Алматы қаласының Бостандық ауданының мемлекеттік кіріс басқармасына,

Сотпен тонау жасағаны үшін сотталды

30/06/2016

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотымен ҚР ҚК 191 бабы, 2 бөлігі, 3 тармақшасы, 62 бабының 3 бөлігі бойынша айыпталған Т.В. қатысты  қылмыстық іс қаралды.  

Заңды факті анықталды

30/06/2016

Арызданушы   Г.С.  сотқа асырауда болуының заңды фактісін анықтау туралы арызбен жүгінді, өзінің талаптарын келесімен дәлелдеді, яғни ол 10.11.2013 жылы қайтыс болған А.С. туған  қарындасы болып табылады. 1996 жылдан 1999 жыл кезеңінде ол стационарлық ем қабылдауда болған, 1999 жылы қайта куәландырусыз, мерзімсіз екінші топ мүгедектігін алған.

«Ашық есік күні»

30/06/2016

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Боранбаевпен Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің студенттерімен «Ашық есік» күні өткізілді.

«Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» тақырыбында семинарлық сабақ жүргізілді

30/06/2016

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Д.Мәукеевтің жүргізуімен сот мамандары арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы  № 6001-15-7-4/256 өкімімен бекітілген Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Нұсқаулықты талқылау» тақырыбында семинарлық сабақ жүргізілді.

Футбол бойынша ҚР-ның жарыс регламентінің баптарын заңсыз деп тану туралы талап арызынан бас тартылды

30/06/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотында арызданушы футболистердің жауапкерлер «Қазақстанның футбол федерациясы» Ассоциациясы» ЗТБ-не,  «Қазақстанның кәсіби футбол лигасы» ЗТБ-не 2016 жылға футбол бойынша Бірінші-лига клубтарының арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатының регламентінің баптарын заңсыз деп тану туралы талап арызы қаралды.

Құжатсыз және масаң күйде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

30/06/2016

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Ж.А.-ға қатысты Қазақтан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) көзделген қылмыстық іс қаралды.

Сот жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында медиативтік келісімді бекітті

30/06/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер  Д.А.-ның жауапкер  «Университет КИМЭП»  АҚ-на жұмыс орнына қайта орналастыру, заңсыз жұмыстан босатумен байланысты  лажсыз бос жұмыссыз жүрген уақыт үшін жалақы өндіру, бұйрықтарды жарамсыз және заңсыз деп тану, моральдық зиянды және сот шығындарын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

«Медиация рәсімі және медиатордың даулар мен келіспеушіліктерді шешу құралдары» атты тақырыбындағы тренингті өту туралы Медеу аудандық сотының сцдьяларына сертификаттар табыс етілді

30/06/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында «Медиация рәсімі және медиатордың даулар мен келіспеушіліктерді шешу құралдары» тақырыпта салтанатты жиналыс өтті. 

Материалдық залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды

30/06/2016

Талапкер Л.А. жауапкер Ж.М. қатысты материальдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Сотқа шағымдануға негіз болған жағдай 26.06.2015 жылы жауапкердің кінәсінен жол көлік оқиғасы болды. Бұл жол көлік оқиғасы кезінде талапкердің «Kia Cerato» автокөлігіне зиян келтірілген болатын.

Сот «Pharmacity» ЖШС-нен келісімшарттық міндеттеме бойынша қарыз сомасын өндірді

30/06/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талапкер «Медсервис Плюс» Қазақстандық фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-нің жауапкер «Pharmacity» ЖШС-нен қарыз сомасын және өсімпұл сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Тұрғын үй қосымша құрылысын заңдастырудан бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану туралы азаматтық талап арызы сотпен қанағаттандырылды

30/06/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында талапкер Ш-ның жауапкер Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиясына комиссия шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мұрагерлік қабылдау мерзімін өткізіп алу талап арызын қанағаттандырудан бас тартуға негіз болды

30/06/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында М.Н-ның нотариалдық іс-әрекетті жасаудан бас тартқаны үшін және нотариусты мұраға құқық беретін куәлікті беруді міндеттеу туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

ПИК (ПКСК) төрағасының ортақ мүлікті күрделі жұмысына сомаларды төлеу бойынша талаптарын жою туралы талап арызынан бас тартылды

30/06/2016

Талапкер Н. сотқа  талап арызбен жүгінген, өзінің талаптарын келесімен дәлелдеді,  яғни жауапкермен ортақ мүлікті ұстау үшін қаражаттарды төлеу түбіртегінде «күрделі жөндеу жұмыстарына жинақ» деген қосымша баған қосылған. Жауапкердің  ортақ мүлікке күрделі жөндеу жұмыстарына сомасын төлеу бойынша талаптарын жоюды сұрайды.

Сот мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емдеуге жіберу туралы арызын қанағаттандырды

30/06/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Алматы қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының А-ны мәжбүрлі түрде емдеуге жатқызу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Дербес шот бойынша түбіртекте «күрделі жөндеу жұмыстарына жинақ» жолын енгізуі бойынша ПИК (ПКСК) әрекетін заңсыз деп тану туралы талабынан бас тартылды

30/06/2016

Талапкер  К. сотқа ТҮК (ПКСК) «Н»,   «Алсеко» АҚ ПИК (ПКСК) «Н» дербес шот бойынша түбіртекте «күрделі жөндеу жұмыстарына жинақ» жолын енгізуі бойынша әрекетін заңсыз деп тану  және «Алсеко» АҚ дербес шот бойынша түбіртекке қарыз сомасына есептеумен «күрделі жөндеу жұмыстарына жинақ» жолын алып тастау туралы талап арызбен жүгінді

Талабы қанағаттандырудан бас тартылды

30/06/2016

Талапкер А.И. сотқа «Алматы газ абоненттік есептеу орталығы» ЖШС –не хабарландыруды жарамсыз деп танып қайта естептеу туралы талап арызымен жүгінді. 

Сот ғимаратында қауіпсіздікті нығайтуға үшін қауіпсіздік жөніндегі шұғыл жиналыс өтті

30/06/2016

Алматы қаласының Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында ланкестік әрекеттерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күшейту мәселесі бойынша судьялар мен мамандар қатысуымен шұғыл отырыс өткізілді.

Бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды

30/06/2016

Талапкер «ЦДО «П» ЖШС-гі сотқа А.К.,  М.Б.  материалдық шығынды өндіру,   «П» МОО материалдары және әдістемесі бойынша оқу қызметімен айналысуға тыйым салу туралы, сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен жүгінді,

Соттылығы бойынша талап арыз кері қайтарылды

30/06/2016

Талапкер С. сотқа  Д., үшінші тұлға  «Білім беру бөлімі» ММ жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық органына  кәмелетке толмаған балалар А.Д.,2001 ж.т., И.Д.,2003 ж.т.  әкелері Д.-ның рұқсатынсыз ҚР шеткері жерге Будапешт қаласына тұрақты  тұруға жіберуге рұқсат туралы талап арызбен жүгінді.

Алматы қаласының орта мектептерінің бірінің директоры алаяқтық үшін сотталды

30/06/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының  №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігі 2 тармағы, 190 бабы 3 бөлігі 1 тармағымен (бірнеше рет ірі мөлшерде алаяқтық) айыпталған Е.Д. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Талап арыздар ішінара қанағаттандырылды

30/06/2016

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер С-тың жауапкер А-ға, Әкімдіктің, «Жер қатынастар басқармасы» КММ-нің жер телімінің идентификациялық құжаттарын қайта жасаудан бас тартуын заңсыз деп тану; Әкімдікті,  «Жер қатынастар басқармасын»  КММ  Алматы қ., Наурызбай ауданы, «Жетысу» ПКСТ, 4 телімі орналасқан жер телімінің идентификациялық құжаттарын қайта жасау бойынша барлық қажет тәртіптерді жүргізуге, жер теліміне меншік құқық актісін беруге міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

30/06/2016

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Ш.-ның жауапкер «Сентрас Иншуранс сақтандырушы компаниясы» АҚ-на сақтандыру төлемді төлеуден бас тартуды заңсыз деп тану, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін төлетуді міндеттеу, өкілдің көмегіне және мемлекеттік бажды төлеуге  шыққан сот шығындарын өндіру туралы талап арызы бойынша ісі қаралды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

30/06/2016

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында талапкер «Ц-ның»  жауапкер «М»-ға қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың аумағында және ғимаратында объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерін талқылау бойынша семинарлық сабақ өткізілді

30/06/2016

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында судьялардың және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Соттың аумағында және ғимаратында объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды

30/06/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы; 99-бабы 2-бөлігі 7),8)-тармақтары; 291-бабы 4-бөлігі 2-тармағы; 202-бабы 2-бөлігі 1),5)-тармақтары; 384-бабы 3-бөлігімен  көзделген қылмысты жасаған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сот бұйрығын енгізу туралы мәселелерді талқылауға байланысты «Ашық есік күні» өткізілді

30/06/2016

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында азаматтардың сотқа деген сенімдерін арттыру және қоғамдық пікірдегі сот беделін көтеру мақсатындағысотта алиментті, қарыз сомманы және т.б. өндіру туралы сот бұйрығын шығару санатындағы азаматтық істерді қараудағы процессуалдық мерзімдердің шеңберінде көрсетілген заң талаптарын түсіндіру тақырыптар негізінде сотқа келушілердің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді.

Заңды тұлғаның талап арызы қанағаттандырылды

30/06/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жылыту және ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.